Тұрмыс деңгейі статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 14 бұйрығы
(2021.29.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2022 жылғы 10 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2021.29.10. № 26 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағының 24) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Уақытты қолдану күнделігі» (индексі D 001, кезеңділігі бес жылда бір рет) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Уақытты қолдану күнделігі» (индексі D 001, кезеңділігі бес жылда бір рет) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Халықтың тұрмыс сапасы» (индексі D 002, кезеңділігі жылына бір рет) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Халықтың тұрмыс сапасы» (индексі D 002, кезеңділігі жылына бір рет) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Күнделікті шығыстарды есепке алу күнделігі» (индексі D 003, кезеңділігі тоқсандық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны;