Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 205/НҚ бұйрығы
(2024.26.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2025 жылғы 5 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 428 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі туралы ереженің 19-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің регламенті бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2020 жылғы 5 қарашадағы № 9-НҚ бұйрығының;
2) «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2020 жылғы 5 қарашадағы № 9-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № 310/НҚ бұйрығының күші жойылсын.
3. Бәсекелестікті құқықтық реттеу департаменті осы бұйрықты Агенттіктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Аппарат басшысына жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Төрағаның міндетін атқарушы | Р. Ахметов |
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және дамыту
агенттігі төрағасының
міндетін атқарушының
2023 жылғы 18 тамыздағы
№ 205/НҚ бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту
агенттігінің регламенті