Экономиканы монополиясыздандыру жөнінде комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 22 наурыздағы № 57-ө өкімі
(2022.09.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 16 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес:
1. Осы өкімге 1-қосымшаға сәйкес құрамда Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Осы өкімге 2-қосымшаға сәйкес Комиссия туралы ереже бекітілсін.
| Премьер-Министр | Ә. Смайылов |
ҚР Премьер-Министрінің 2022.09.04. № 72-ө өкімімен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 22 наурыздағы
№ 57-ө өкіміне
1-қосымша
Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның
құрамы
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, хатшы
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі
Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы (келісу бойынша)