2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Атырау облыстық мәслихатының 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 497-VI шешімі
(2021.13.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 8-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1 тармағы 1) тармақшасына сәйкес және облыс әкімдігімен ұсынылған 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасын қарап, VІ шақырылған Атырау облыстық мәслихаты XLIX сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Атырау облыстық мәслихатының 2021.15.03. № 21-VІI шешімімен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); Атырау облыстық мәслихатының 2021.25.06. № 50-VII шешімімен (бұр.ред.қара); 2021.29.09. № 73-VII шешімімен (бұр.ред.қара); 2021.26.11. № 86-VII шешімімен (бұр.ред.қара); 2021.13.12. № 104-VII шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет тиiсiнше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның iшiнде 2021 жылға келесідей көлемдерде бекiтiлсiн:
1) кірістер – 466 491 701 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 130 180 130 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 14 034 611 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 33 347 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 322 243 613 мың теңге;
2) шығындар – 471 504 933 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелендіру – 1 930 301 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік несиелер – 12 921 803 мың теңге;
бюджеттік несиелерді өтеу – 10 991 502 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 9 339 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 21 000 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 11 661 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -6 952 872 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 6 952 872 мың теңге:
қарыздар түсімі – 5 591 278 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 10 209 018 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 11 570 612 мың теңге.