Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 2/1 «Сандықтау ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 шілдедегі № 22/3 шешімі
Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының «Сандықтау ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 2/1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8338 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешімнің 1, 2, 3 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сандықтау аудандық мәслихатының хатшысы | Г. Кадырова |
«Сандыктау аудандық
мәслихатының аппараты» ММ
2022 жылғы 28 шілдедегі
№ 22/3 1 қосымша
Сандықтау аудандық мәслихатының
2021 жылғы 22 қаңтардағы
№ 2/1 шешіміне
1 қосымша
Сандықтау ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар
1. Сандықтау ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар: