Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы
Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2020 жылғы 18 тамыздағы № 506 шешімі
Осы редакция 2024 жылғы 27 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мыналар:
1) бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес;
2) бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | С. Сотников |
| Қостанай қалалық мәслихатының хатшысы | Б. Сандыбеков |
Қостанай облысы
Қостанай қаласы мәслихатының
2020 жылғы 18 тамыздағы
№ 506 шешіміне
1-қосымша
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар
| № | Жиналыстарды, митингтерді және пикеттеуді ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар |
| 1 | Тың игерушілер алаңы |
| 2 | Жеңіс паркі |
| 3 | Қобыланды батыр даңғылы және Ғ.Қайырбеков көшесі шекараларындағы Текстильщиков көшесі бойындағы аллеясы |
| Демонстрациялар, шерулер өткізу үшін арнайы маршрут |
| 1 | Орталық алаң - Жеңіс паркі (А.Байтұрсынов және Әль-Фараби даңғылы қиылысындағы алаң - Баймағамбетов көшесі - Жеңіс көшесі - Жеңіс паркі) |
Қостанай облысы
Қостанай қаласы мәслихатының
2020 жылғы 18 тамыздағы
№ 506 шешіміне
2-қосымша