Баянауыл ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы
Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 5 мамырдағы № 321/33 шешімі
Қазақстан Республикасының «ҚазақстанРеспубликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 8-бабының 1) тармакшасына, 13-бабына сәйкес, Баянауыл аудандык мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Баянауыл ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Баянауыл аудандық мәслихатының төрағасы | Р. Мукашев |
Баянауыл аудандық мәслихатының
2025 жылғы 5 мамырдағы
№ 321/33 шешімімен бекітілген
Баянауыл ауданы бойынша 2025 - 2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Баянауыл ауданы бойынша 2025 - 2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі осы жоспар (бұдан әрі - Жоспар) «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабының 4-1) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, азыққа деген қажеттілікті орнықты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болдырмау мақсатында қабылданады.
2-тарау. Баянауыл ауданы бойынша 2025 - 2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар
3. Жоспарды әзірлеген кезде мыналар ескеріледі:
1) осы Жоспарға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өңірдің жер балансының және мемлекеттік жер кадастрының ақпараттық жүйесінің деректері;
2) осы Жоспарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау мәліметтері;