Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 630 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 10 тамыздағы
№ 630 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі
1. «Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурстар өткізу жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1263 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 2, 36-құжат).
2. «Жер қойнауын пайдалануға арналған модельдік келісімшарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 желтоқсандағы № 1412 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 6, 83-құжат).
3. «Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептер беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1455 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 9, 115-құжат).