Осы редакция 2025 ж. 14 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
міндетін атқарушысының
2020 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 216 бұйрыққа 3-қосымша
«Арнайы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың
суды алу немесе ағызу құрылыстарында немесе құрылғыларында орнатылатын суды есепке алу аспаптарын пломбалау»
мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Арнайы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың суды алу немесе ағызу құрылыстарында немесе құрылғыларында орнатылатын суды есепке алу аспаптарын пломбалау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Арнайы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың суды алу немесе ағызу құрылыстарында немесе құрылғыларында орнатылатын суды есепке алу аспаптарын пломбалау» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш береді.