Цифрлық құжаттар сервисінде электрондық құжаттарды көрсету және пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 352/НҚ бұйрығы
(2022.22.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 19 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022.30.09. № 367/НҚ бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2022 ж. 22 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022.30.09. № 367/НҚ бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2022 ж. 22 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 63-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022.30.09. № 367/НҚ бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 22 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Цифрлық құжаттар сервисінде электрондық құжаттарды көрсету және пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.