Жақсы ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы
Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 18 қазандағы № а-7/182 Қаулысы
(2024.22.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2025 ж. 17 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2024.04.10. № a-10/165 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 22 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
««Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жақсы ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жақсы ауданы әкімінің орынбасары Р. Рамазановқа жүктелсін.