Ғылыми тағылымдамадан өтуді іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 214 бұйрығы
(2025.17.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2023.31.10. № 553 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 422 бұйрығымен бекітілген Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2023.07.06. № 260 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2023.26.04. № 181 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 2023 жылға арналған ғылыми тағылымдамадан өту үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми орталықтардың және өзге де ұйымдардың тізімі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ғылыми тағылымдамадан өтуге үміткерлердің сараптама комиссиясының мүшелерімен жеке әңгімелесуі үшін бағалау парағының үлгілік нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес сараптау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру қағидалары бекітілсін;
4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес сараптама комиссиясының құрамы бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2023.07.06. № 260 бұйрығымен тізімі жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрінің
2022 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 214 бұйрығына
1-қосымша