«Білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 шілдедегі № 194 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 11 желтоқсандағы № 281 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 шілдедегі № 194 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы бекітілсін.»;
1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2-қосымша алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры (Е.Б. Қалмақов):
1) осы бұйрықты мүдделі мемлекеттік органдардың (келісу бойынша), облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының, республикалық орта білім беру ұйымдарының назарына жеткізсін;
2) «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын 2024-2025 оқу жылынан бастап республикалық мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына енгізуді бастасын;
3) «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының республикалық мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында іске асырылуын қамтамасыз етсін.».
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры (Е.Б. Қалмақов) осы бұйрықты
мүдделі мемлекеттік органдардың (келісу бойынша), облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының, республикалық орта білім беру ұйымдарының назарына жеткізсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министрі М. Мелдебековаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.