Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016.29.04. № 146 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.13.08. № 207 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 4 тамыздағы
№ 200 қаулысымен бекітілген
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 75 Қаулысымен күші жойылды
«Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2019.13.08. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 тіркелді) бекітілген «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес денсаулық сақтау субъектілерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны - қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - «Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 183 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізіліміне № 10964 тіркелді) сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын беру.
4. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі