«Қазақстан Республикасында Халықты профилактикалық медициналық қарап-тексеруді жүргізу үшін алгоритмдер мен чек-парақтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 мамырдағы № 318 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 4 тамыздағы № 651 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасында халықты профилактикалық медициналық қарап-тексеруді жүргізу үшін алгоритмдер мен чек-парақтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 мамырдағы № 318 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтау басқармалары (келісу бойынша) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде облыстар халқына профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізсін, денсаулық сақтаудың медициналық ақпараттық жүйелеріне жүргізілген профилактикалық медициналық қарап-тексерулер туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаменті денсаулық сақтаудың медициналық ақпараттық жүйелерінің жүргізілген профилактикалық медициналық қарап-тексеру туралы деректерді енгізуге дайындығын 2022 жылдың 1 қыркүйегіне қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2022 жылғы 4 тамыздағы
№ 651 бұйрығына
№ 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің