Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 3 қарашадағы № 662 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 525-бабы 2-тармағы 1) тармақшасының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату қағидалары бекітілсін.
2. Мыналар:
1) «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тауарлар импортының қосылған құн салығынан босатылу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 204 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16691 болып тіркелген);
2) «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 204 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 4 мамырдағы № 426 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22691 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | М. Такиев |