Атбасар ауданы әкімінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 11 «Атбасар ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгірістер енгізу туралы
Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 4 шешімі
ШЕШТІМ:
1. Атбасар ауданы әкімінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 11 «Атбасар ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6948 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 - қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау «Атбасар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Атбасар ауданының әкімі | А. Калжанов |
КЕЛІСІЛДІ
Атбасар ауданының аумақтық
сайлау комиссиясы
Атбасар ауданы әкімінің
2022 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 4 Шешіміне
қосымша
Атбасар ауданы әкімінің
2018 жылғы «14»
желтоқсандағы № 11
шешіміне 1-қосымша
Атбасар ауданының сайлау учаскелері
| № | Сайлау учаскелер |
| 1 | № 199 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Покровка ауылдық округі, Покровка ауылы, Жастар көшесі, 6, «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Покровка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. Шекарасы: Покровка ауылы. |
| 2 | № 200 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Полтавка ауылдық округі, Полтавка ауылы, Семен Петренко көшесі, 41, Атбасар ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің «Атбасар аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының Полтавка ауылдық мәдениет үйінің ғимараты. Шекарасы: Полтавка ауылы. |
| 3 | № 201 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Полтавка ауылдық округі, Титовка ауылы, Достық көшесі, 32, «Атбасар аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының Титовка клубының ғимараты. Шекарасы: Титовка ауылы. |