Осы редакция 2025 ж. 14 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
міндетін атқарушысының
2020 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 216 бұйрыққа 5-қосымша
«Тіркеу шифрларын беру үшін бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын тіркеу»
мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Тіркеу шифрларын беру үшін бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 апреля Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Тіркеу шифрларын беру үшін бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын тіркеу» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш береді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымша нысанында мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген.
4. Көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: