Меншік иелеріне және (немесе) операторларға, сондай-ақ үшінші тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 19 наурыздағы № 149/НҚ және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 19 наурыздағы № 12 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Меншік иелеріне және (немесе) операторларға, сондай-ақ үшінші тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі | Н. Байбазаров |
| Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі | Б. Мусин |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу комитеті
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Ұлттық экономика министрі
2024 жылғы 19 наурыздағы
№ 12 мен
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі
2024 жылғы 14 наурыздағы
№ 149/НҚ бұйрықпен
бекітілген