Алматы облысы әкімдігінің 2021 жылғы 26 ақпанындағы «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» № 75 қаулысына өзгеріс мен толықтырулар енгізу туралы
Алматы облысы әкімдігінің 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 479 Қаулысы
Алматы облысы әкімдігінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 57 Қаулысымен күші жойылды
Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы облысы әкімдігінің 2021 жылғы 26 ақпанындағы № 75 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5894 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулы мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы қаулының 1-1 қосымшасына сәйкес Алматы облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттары және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімі бекітілсін.»;
көрсетілген қаулының 1-1 қосымшасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес толықтырылсын;
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Алматы облысы әкімінің міндетін атқарушысы | Л. Турлашов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Алматы облысы әкімдігінің
2021 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 479 Қаулысына 1-қосымша
Алматы облысы әкімдігінің
2021 жылғы 26 ақпанындағы
№ 75 қаулысына
1-қосымша
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша
субсидиялар көлемдері
| Р/с № | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | Субсидияланатын көлем (бас, килограмм, дана, балара ұясы) | Субсидиялар сомасы (теңге) |