Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2023 жылғы 24 қазандағы № 7-3 шешімі
(2024.07.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 9 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса берілген Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын.
3. Осы шешіммен бекітілген Қағидалардың 6-тармағының 8) тармақшасы 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады деп белгіленсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының төрағасы | А. Рахметова |
Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданы
мәслихатының
2023 жылғы 24 қазандағы
№ 7-3 шешімімен бекітілді
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер