2022 – 2024 жылдарға арналған Жезқазған кентінің бюджеті туралы
Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 158 шешімі
(2022.24.01. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 12 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2022.24.01. № 163 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. 2022 – 2024 жылдарға арналған Жезқазған кентінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 4 224 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 400 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша – 3 824 мың теңге;
2) шығындар – 10 226 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру – 0 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімдері – 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 6 002 мың теңге.
2. 2022 жылға арналған Жезқазған кентінің бюджеті түсімдерінің құрамында жергілікті бюджеттен Жезқазған кентінің бюджетіне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердың көлемі 3 824 мың теңге сомасында ескерілсін.
3. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Сәтбаев қалалық мәслихатының хатшысы | Т. Хмилярчук |
Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2022.24.01. № 163 шешімімен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Сәтбаев қалалық мәслихатының
2021 жылғы 29 желтоқсандағы