Осы редакция 2016 жылғы 31 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Әділет министрінің 2015.07.12. № 613 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 251 бұйрығына
4-қосымша
«Тауар таңбасын тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2015.07.12. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Тауар таңбасын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі - Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру:
1) Министрліктің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Сараптама ұйымы);
2) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 9 (тоғыз) ай ішінде:
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 10 (он) минут.
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 10 (он) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - тауар таңбаларының мемлекеттік тізілімінде тіркелген тауар таңбасын тіркеу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - электронды, қағаз түрінде.