Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 565 бұйрығы
Осы редакция 2023 жылғы 28 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 62-бабының 3-тармағына және «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 987 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті осы бұйрық бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде оны Министрліктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Министрліктің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министрдің міндетін атқарушы | Д. Қадыров |
| КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Е. Біржанов 2022 жылғы «__»______________ | КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Ә. Қуантыров 2022 жылғы «__»____________ |
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму
министрінің міндетін атқарушының
2022 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 565 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің
2023-2027 жылдарға арналған даму жоспары
1-бөлім. Миссиясы мен пайымы