Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУМАҒЫНДА УАҚЫТ ЕСЕПТЕУ ТӘРТ...

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапятница, 7 декабря 2018
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 7 декабря 2018

Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы № 1749 Қаулысы

(2018.07.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2024 жылғы 19 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеуді реттеу мақсатында және әкімшілік-аумақтық құрылыстың өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Үкіметінің 29.12.03 ж. № 1342; 20.07.04 ж. № 775 (бұр. ред. қара); 15.10.04 ж. № 1059 Қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді

1. Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу Қазақстан Республикасының уақыт пен жиілік мемлекеттік алғашқы эталоны ұдайы жүргізетін, сақтайтын әрі беретін сағаттық белдеулердің халықаралық жүйесі бойынша жыл бойы тұрақты қолданылып келген уақыт белдеуі 1 сағатқа озық жүргізіледі (Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарынан басқа) деп белгіленсін.

2. ҚР Үкіметінің 2005.15.03 ж. № 231 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

ҚР Үкіметінің 20.07.04 ж. № 775 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2018.07.12. № 817 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 3-тармақ жаңа редакцияда

3. Қазақстан Республикасының аумағы 4-шi және 5-шi сағаттық белдеулерде орналасады деп белгiленсiн. Республиканың әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына сәйкес сағаттық белдеулердің шекарасы Ақтөбе облысы мен Қостанай облысының, Ақтөбе облысы мен Қарағанды облысының, Қызылорда облысы мен Қарағанды облысының, Қызылорда облысы мен Түркістан облысының арасында өтеді.

ҚР Үкіметінің 2018.07.12. № 817 Қаулысымен 3-1-тармақпен толықтырылды

3-1. Қызылорда облысының әкімдігі 2018 жылғы 20 желтоқсаннан 21 желтоқсанға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағат артқа ауыстырсын.

ҚР Үкіметінің 20.07.04 ж. № 775 Қаулысымен 4-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)

4. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі осы қаулы күшіне енген кезден бастап халықты Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы хабардар етсін.

5. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2000 жылғы 23 қарашадағы

№ 1749 қаулысына

қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі

 

1. «Қазақстан Республикасының аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 13 қаңтардағы № 28 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., № 1, 23-құжат).

2. «Орал және Қызылорда облыстарының аумағында уақыт есептеуді өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 27 наурыздағы № 284 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., № 13, 13-құжат).

3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1994 жылғы 23 қыркүйектегі № 384-ө өкімі.

4. «Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 13 қаңтардағы № 28 қаулысына өзгерту енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 8 мамырдағы № 575 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 20, 173-құжат).

5. «Атырау облысының аумағында уақыт есептеуді өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 наурыздағы № 305 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 10, 91-құжат).

 

 

 

 

 

 

 

 

Редакция документа

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами