Катонқарағай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын және мөлшерін бекіту туралы
Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 26 қазандағы № 11/113-VII шешімі
(2025.02.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2026 ж. 18 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2023.24.10. № 8/85-VIII шешімімен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 13 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2023.24.10. № 8/85-VIII шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 13 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Катонқарағай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы және мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.