«Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 14 сәуірдегі № 270 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ережеде:
15-тармақта:
1-тармағының төртінші, бесінші абзацтары 2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
36) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«36) мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар кызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;»;
370) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«370) құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың құрылыс жобасына сәйкестігі туралы қорытындылардың, сәйкестік туралы декларацияның нысандарын әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 370-3) тармақшамен толықтырылсын:
«370-3) құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытынды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органмен келісу тәртібін айқындау;»;
371) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«371) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы қызметті мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша құрылыс объектісін пайдалануға қабылдау актісінің нысанын әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 371-1) тармақшамен толықтырылсын: