«Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 76 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 27 ақпандағы № 26 Қаулысы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 76 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5334 тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облысының әкімі | А. Сапаров |
Солтүстік Қазақстан
облысы әкімдігінің
2023 жылғы 27 ақпандағы
№ 26 қаулысына қосымша
Солтүстік Қазақстан
облысы әкімдігінің
2019 жылғы 4 сәуірдегі
№ 76 қаулысына қосымша
Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің
тізбесі
| № | Cу айдыны және (немесе) учаскесі | Ауданы, гектар | Орналасқан жері | Балық шаруашылығының түрі |
| Айыртау ауданы |