ҚР СТ 3974-2024
ПБ-4, ПБ-2 типті ұңғысыз атыс қаруы
Жалпы техникалық талаптар және сынау әдістері
Мазмұны
1. Қолданылу саласы
2. Нормативтік сілтемелер
3. Терминдер мен анықтамалар
4. Жалпы техникалық талаптар
5. Сынақтарды жүргізу тәртібі
А қосымшасы (ақпараттық). Патрондармен оқталған қаруға статикалық электр разрядының әсері кезінде сынау әдісі
Библиография
1. Қолданылу саласы
Осы стандарт ПБ-4, ПБ-2 типті ұңғысыз атыс қаруына (бұдан әрі - қару) қойылатын жалпы техникалық талаптарды және оны сынау әдістерін белгілейді.
Стандарт әзірлену сатысындағы эксперименттік қаруға қолданылмайды.
2. Нормативтік сілтемелер
Осы стандартты қолдану үшін келесі стандарттау жөніндегі сілтемелік құжаттар қажет. Күні көрсетілген сілтемелер үшін сілтемелік құжаттың көрсетілген басылымы қолданылады, күні көрсетілмеген сілтемелер үшін сілтемелік құжаттың соңғы басылымы қолданылады (оның барлық өзгерістерін қоса алғанда):
ҚР СТ 3976-2024 ПБ-4, ПБ-2 типті ұңғысыз атыс қаруына арналған арнайы патрондар. Жалпы техникалық талаптар және сынау әдістері.
ГОСТ 2.304 Конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесі. Сызбалық қаріптер.
ГОСТ 14192 Жүктерді таңбалау.
Ескертпе - Осы стандартты пайдалану кезінде сілтемелік стандарттар мен жіктеуіштердің қолданысын ағымдағы жылғы жай-күйі бойынша жыл сайын басып шығарылатын стандарттау жөніндегі құжаттардың ақпараттық каталогы бойынша және ағымдағы жылы жарияланған ай сайын басып шығарылатын тиісті ақпараттық каталогы бойынша тексерген дұрыс. Егер сілтемелік стандарт ауыстырылған (өзгертілген) болса, онда осы стандартты пайдалану кезінде ауыстырылған (өзгертілген) стандартты басшылыққа алған жөн. Егер сілтемелік стандарт ауыстырылмай жойылса, онда оған сілтеме берілген ереже осы сілтемені қозғамайтын бөлікте қолданылады.
3. Терминдер мен анықтамалар
Осы стандартта ҚР СТ 3976 бойынша терминдер, сондай-ақ тиісті анықтамалары бар мынадай терминдер қолданылады: