Өскемен қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 14/3-VIII «Өскемен қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 23 тамыздағы № 24/4-VIII шешімі
Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Өскемен қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 14/3-VIII «Өскемен қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 191729 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған қаланың бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес тиісінше, соның ішінде 2024 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 113 837 660,9 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 65 753 257,6 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 1 012 774,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 8 243 831,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 38 827 798,3 мың теңге;
2) шығындар - 110 560 845,5 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0,0 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 0,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 660 721,5 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 660 721,5 мың теңге;
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 2 616 093,9 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - -2 616 093,9 мың теңге;
қарыздар түсімі - 3 501 270,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 7 970 217,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 1 852 853,1 мың теңге.»;
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Өскемен қаласының 2024 жылға арналған жергілікті атқарушы органының резерві 888 536,2 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы | А. Светаш |