Осы редакция 2025 ж. 14 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
міндетін атқарушысының
2020 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 216 бұйрыққа 1-қосымша
«Арнайы су пайдалануға рұқсат»
мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Арнайы су пайдалануға рұқсат» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Арнайы су пайдалануға рұқсат» мемлекеттік қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы су пайдалануға рұқсат алуға немесе 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы су пайдалануға рұқсаттың мерзімін ұзарту және қайта рәсімдеуге www.egov.kz, «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы өтініш береді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен көрсету нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымша нысанында мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген.
4. Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының электрондық мен куәландырылған өтінішімен мынадай құжаттар ұсынылады:
Арнайы су пайдалануға рұқсат алу үшін: