Киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғалары анықталған кезде байланыс қызметтерін көрсетуді тоқтата тұру тәртібінің қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 24 қыркүйектегі № 569/НҚ бұйрығы
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғалары анықталған кезде байланыс қызметтерін көрсетуді тоқтата тұру тәртібінің қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі | Ж. Мадиев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары - Жасанды
интеллект және цифрлық
даму министрі
2026 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 569/НҚ бұйрықпен бекітілген
Киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғалары анықталған кезде байланыс қызметтерін көрсетуді тоқтата тұру тәртібінің
қағидалары