2024-2026 жылдарға арналған Қосшы қаласының бюджеті туралы
Ақмола облысы Қосшы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 78/17-8 шешімі
Осы редакция 2024 жылғы 28 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Бюджет кодексiнiң 9-бабының 2-тармағына сәйкес, Қосшы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджеті тиісінше 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 13 274 931,0 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 1 830 040,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 63 723,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 81 489,0 мың теңге;
трансферттер түсімі - 11 299 679,0 мың теңге;
2) шығындар - 13 274 931,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0,0 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 0,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 0,0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - -0,0 мың теңге.
2. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 52-бабының 1-тармағына сәйкес кірістерді бөлу нормативтері келесі мөлшерінде белгіленді:
1) ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы бойынша облыстық бюджетке 50%, Қосшы қаласының бюджетіне 50%;
2) облыстық бюджетке төлем көзінен ұсталатын табыстан жеке табыс салығы бойынша - 100%;
3) Қосшы қаласының бюджетіне әлеуметтік салық бойынша - 100%.
3. Қалалық бюджет түсімдер құрамында облыстық бюджеттен 98 048,0 мың теңге сомасында субвенция қарастырылғаны ескерілсін.