Алматы қаласы әкімдігінің «Қалалық қатынастарындағы жолаушылар мен жүкті тұрақты автомобильмен тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы» 2012 жылғы 27 маусымдағы № 2/571 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 3/558 Қаулысы
Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 10 тамыздағы № 3/436 Қаулысымен күші жойылды
Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 22 тамыздағы № 3/457 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы әкімдігінің «Қалалық қатынастарындағы жолаушылар мен жүкті тұрақты автомобильмен тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы» 2012 жылғы 27 маусымдағы № 2/571 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 941 болып тіркелген, 2012 жылғы 10 шілдеде «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған қаулының кіріспесі келесі редакцияда мазмұндалсын: