Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 10 тамыздағы № 3/436 Қаулысы
Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 17 тамыздағы № 3/450 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Алматы қаласының әкімі | Е. Досаев |
Алматы қаласы әкімдігінің
2023 жылғы 10 тамыздағы
№ 3/436 шешіміне
қосымша
Алматы қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулылардың
тізбесі
1. Алматы қаласы әкімдігінің «Қалалық қатынастарындағы жолаушылар мен жүкті тұрақты автомобильмен тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы» 2012 жылғы 27 маусымдағы № 2/571 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 941 болып тіркелген).