«Заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің атауын өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 10 қазандағы № 726 бұйрығы
(2026.14.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Әділет министрінің 2026.28.07. № 721 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 14 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес «Заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің атауын өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Әділет министрі | А. Ескараев |
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2023 жылғы 10 қазандағы
№ 726 бұйрығымен бекітілген
«Заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің атауын өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызмет көрсету
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Әділет министрінің 2026.28.07. № 721 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 14 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)