Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарының нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерін есептеу әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының м.а 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 81/НҚ бұйрығы
(2025.17.06. берілген өзгерістермен)
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2025.09.09. № 212/НҚ бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 93 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын, Елдің аумақтық даму жоспарын, тұжырымдамаларды, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларын әзірлеу, мониторингтеу, іске асыру, бағалау және бақылау Әдістемесіне 59-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарының нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерін есептеу әдістемесі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Төрағаның бірінші орынбасары | Р. Ахметов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Стратегиялық
жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2025.17.06. № 131/НҚ бұйрығымен есептеу әдістемесі жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті
қорғау және дамыту агенттігі төрағасының м.а
2024 жылғы 5 сәуірдегі
№ 81/НҚ бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік)
2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарының нысаналы индикаторларын және (немесе) нәтижелер көрсеткіштерін есептеу әдістемесі