Қазақстанның су кеңесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 9 наурыздағы № 47-ө өкімі
Осы редакция 2022 жылғы 29 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстанның су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру мақсатында:
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстанның су кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Кеңес туралы ереже бекітілсін.
3. «Қазақстанның су ресурстарын басқару мәселелері жөнінде ведомствоаралық кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 141-ө өкімінің күші жойылды деп танылсын.
| Премьер-Министр | Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 9 наурыздағы
№ 47-ө өкімімен
бекітілген
Қазақстанның су кеңесінің құрамы
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі, хатшы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісу бойынша)
«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 9 наурыздағы
№ 47-ө өкімімен
бекітілген
Қазақстанның су кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ