Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 14 сәуірдегі № 147 бұйрығы
(2024.25.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Энергетика министрінің 2026 жылғы 30 шілдедегі № 288-н/қ бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 90-бабына, «Орталық мемлекеттік органдардың және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының үлгілік регламентін бекіту, «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының үлгілік регламенті мен Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының өтініштерді қарауды бақылау бөлімдері туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 560 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 214 қаулысының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Әкімшілік жұмысы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің құрылымдық бөлімшелері, ведомствосы, аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының назарына жеткізсін;