Введите номер документа
Прайс-лист

«Психологиялық қолдау орталықтары қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2025 жылғы 24 қарашадағы № 264 бұйрығы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапонедельник, 24 ноября 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 13 декабря 2025
Дата последнего измененияпонедельник, 24 ноября 2025

Психологиялық қолдау орталықтары қызметінің қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2025 жылғы 24 қарашадағы № 264 бұйрығы

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 69) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Психологиялық қолдау орталықтары қызметінің қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне орындау туралы ақпарат беруді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы

 

М. Мелдебекова

 

Қазақстан Республикасы

Оқу-ағарту министрінің

міндетін атқарушы

2025 жылғы 24 қарашадағы

№ 264 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Психологиялық қолдау орталықтары қызметінің

 қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы психологиялық қолдау орталықтарының қызметін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 69) тармақшасына сәйкес әзірленді және Психологиялық қолдау орталықтарының қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

2. Психологиялық қолдау орталықтары (бұдан әрі - Орталық) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік мекемелер ретінде құрады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами