Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеудің қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 10 қарашадағы № 569 бұйрығы
Қазақстан Республикасы «Масс-медиа туралы» Заңының 28-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеудің қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Қоғамдық коммуникациялар департаментіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық түрде және қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің
2026 жылғы 10 қарашадағы
№ 569 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеудің
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер