ҚР СТ 17.0.0.03-2002
Табиғатты қорғау Атмосфера
Шаңтұтқыштардың жұмысының тиімділік
шамаларын анықтау
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің
Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті
(Мемстандарт)
Мазмұны
1. Қолданылу саласы
2. Нормативтік сілтемелер
3. Жалпы талаптар
4. Қауіпсіздік талаптары
5. Шаңтұтқыштардың жұмысының тиімділік шамалары
6. Шаңның тұтылу шамасын анықтау
7. Атмосфералық ауаның сорылу мөлшерін анықтау
8. Гидравликалық қарсылықты анықтау
9. Температураның өзгеруін анықтау
Қосымша А Библиография
1. Қолданылу саласы
Осы стандарт, Қазақстан Республикасындағы меншіктіктің барлық түріндегі түсті металлургия кәсіпорындары мен ұйымдарындағы шығатын газдарды тазартуға арналған шаңтұтқыштардың жұмысының тиімділік шамалары мен әдістерін анықтайды.
2. Нормативтік сілтемелер
Осы стандартта келесі стандарттарға сілтемелер берілген:
ҚР СТ 2.4.-2000 Қазақстан Республикасының өлшеудің бірыңғайлылығын қамтамасыздандыратын мемлекеттік жүйе. Өлшеу құралдарын тәркілеу. Ұйымдастыру және жүргізу тәсілдері.
ҚР СТ 2.30-2000 Қазақстан Республикасының өлшеудің бірыңғайлылығын қамтамасыздандыратын мемлекеттік жүйе. Өлшеу құралдарын метрологиялық аттестациядан (куәліктендіруден) өткізу тәртібі.
ҚР СТ 1052-2002 Табиғатты қорғау. Атмосфера. Қорғасын, мырыш, мыс және олардың қосындыларының ауаға тасталатын шығарындыларының шамаларын анықтау.
ГОСТ 8.207-76 Өлшеудің бірыңғайлылығын қамтамасыздандыратын мемлекеттік жүйе. Көп рет бақыланатын тікелей өлшеулер. Өлшеулердің нәтижелерін қорытындылау әдістері. Негізгі ережелері.
ГОСТ 12.0.004-90 Жұмыс қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі. Жұмыс қауіпсіздігін оқытуды ұйымдастыру. Негізгі ережелері.
ГОСТ 12.1.004-91 Жұмыс қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі. Өрт қауіпсіздігі. Жалпы талаптар.
ГОСТ 12.0.005-88 Жұмыс қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі. Жұмыс аймағындағы ауаға қойылатын жалпы санитарлық-гигиеналық талаптар.