Введите номер документа
Прайс-лист

«Дербес деректерді жинау, өңдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 21 қазандағы № 395/НҚ бұйрығы (2026.27.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
«Дербес деректерді жинау, өңдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 21 қазандағы № 395/НҚ бұйрығы (2026.27.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Дербес деректерді жинау, өңдеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 21 қазандағы № 395/НҚ бұйрығы

(2026.27.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы бұйрығына өзгерістер енгізу туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 8 сәуірдегі № 190/НҚ бұйрығын қарңыз (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)

 

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2025.23.04. № 176/НҚ бұйрығымен (2025 ж. 10 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026.11.03. № 133/НҚ бұйрығымен (2026 ж. 27 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда

«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-1-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 346) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Дербес деректерді жинау, өңдеу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

 

Б. Мусин

 

Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, инновациялар және

аэроғарыш өнеркәсібі министрінің

2020 жылғы 21 қазандағы № 395/НҚ

бұйрығымен бекітілген

 

 

Дербес деректерді жинау, өңдеу

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022.31.03. № 102/НҚ бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2025.23.04. № 176/НҚ бұйрығымен (2025 ж. 10 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026.11.03. № 133/НҚ бұйрығымен (2026 ж. 27 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Осы Дербес деректерді жинау, өңдеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-1-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 346) тармақшасына сәйкес әзірленді және дербес деректерді жинау, өңдеу тәртібін айқындайды.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022.31.03. № 102/НҚ бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026.11.03. № 133/НҚ бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 27 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) дербес деректер - оның ішінде биометриялық, негізінде дербес деректер субъектісіне қатысты айқындалған немесе айқындалатын, электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тіркелген деректер;

2) дербес деректерді бұғаттау - дербес деректерді жинауды, жинақтауды, өзгертуді, толықтыруды, пайдалануды, таратуды, иесіздендіруді және жоюды уақытша тоқтату жөніндегі іс-әрекеттер;

3) дербес деректерді жинақтау - дербес деректерді қамтитын базаға дербес деректерді енгізу арқылы оларды жүйелеу жөніндегі іс-әрекеттер;

4) дербес деректерді жинау - дербес деректерді алуға бағытталған іс-әрекеттер;

5) дербес деректерді жою - жасалуы нәтижесінде дербес деректерді қалпына келтіру мүмкін болмайтын іс-әрекеттер;

6) дербес деректерді иесіздендіру - жасалуы нәтижесінде дербес деректердің дербес деректер субъектісіне тиесілігін анықтау мүмкін болмайтын іс-әрекеттер;

7) дербес деректерді қамтитын база (бұдан әрі - база) - ретке келтірілген дербес деректердің жиынтығы;

8) дербес деректерді қамтитын базаның меншік иесі (бұдан әрі - меншік иесі) - дербес деректерді қамтитын базаны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын іске асыратын мемлекеттік орган, жеке және (немесе) заңды тұлға;

9) дербес деректерді қамтитын базаның операторы (бұдан әрі - оператор) - дербес деректерді жинауды, өңдеуді және қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган, жеке және (немесе) заңды тұлға;

10) дербес деректерге қол жеткізуді бақылаудың мемлекеттік емес сервисі (бұдан әрі - мемлекеттік емес сервис) - дербес деректер субъектісінен дербес деректерді жинауға, өңдеуге немесе оларды үшінші тұлғаларға беруге келісім алуды қоса алғанда, мемлекеттік емес ақпараттандыру объектілерінде қамтылған дербес деректерге қол жеткізу кезінде меншік иелерінің және (немесе) операторлардың, үшінші тұлғалардың дербес деректер субъектісімен ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін қызмет;

11) дербес деректерге қол жеткізуді бақылаудың мемлекеттік сервисі (бұдан әрі - мемлекеттік сервис) - дербес деректер субъектісінен дербес деректерді жинауға, өңдеуге немесе оларды үшінші тұлғаларға беруге келісім алуды қоса алғанда, мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілерінде қамтылған дербес деректерге қол жеткізу кезінде меншік иелерінің және (немесе) операторлардың, үшінші тұлғалардың дербес деректер субъектісімен және уәкілетті органмен ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін қызмет;

12) дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - дербес деректерді қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

3. Осы Қағидалар дербес деректері жинау және өңдеу процесінде меншік иелері, операторлар, субъектілер, сондай-ақ үшінші тұлғалар арасында туындайтын қатынастарға қолданылады.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022.31.03. № 102/НҚ бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Осы Қағидалардың 4-3-тармағында және Заңның 9-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, дербес деректерді жинауды, өңдеуді меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімімен осы Қағидалармен айқындалатын тәртіппен жүзеге асырады.

Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) субъектінің дербес деректерін жинау, өңдеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022.31.03. № 102/НҚ бұйрығымен 4-1-тармақпен толықтырылды

4-1. Дербес деректерді жалпыға қолжетімді дереккөздерде таратуға субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімі болған кезде жол беріледі.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022.31.03. № 102/НҚ бұйрығымен 4-2-тармақпен толықтырылды

4-2. Осы Қағидалардың 4-1-тармағының талаптары орналастыру міндеті Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ақпарат жарияланған жағдайларда ақпарат иеленушілерге қолданылмайды.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022.31.03. № 102/НҚ бұйрығымен 4-3-тармақпен толықтырылды

4-3. Ақпарат көзіне сілтеме болған жағдайда, осы Қағидалардың 4-1 және 4-2-тармақтарының негізінде жарияланған дербес деректерді үшінші тұлғалардың қайта жинауына, өңдеуіне және таратуына жол беріледі.

4-4. Заңның 16-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, дербес деректерді трансшекаралық беру түрінде дербес деректерді өңдеу, дербес деректерді жалпыға қолжетімді көздерде тарату, сондай-ақ оларды үшінші тұлғаларға беру субъектінің келісімімен жүзеге асырылады.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2025.23.04. № 176/НҚ бұйрығымен 5-тармақ өзгертілді (2025 ж. 10 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Меншік иесінің және (немесе) оператордың дербес деректерді жинауға және өңдеуге жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті Дербес деректердің тізбесінде айқындалған (бұдан әрі - Дербес деректердің тізбесі) көлемде жол беріледі.

Дербес деректердің тізбесі Заңның 25-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 199/НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32889 болып тіркелген) Меншік иесінің және (немесе) оператордың өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін айқындау қағидаларымен айқындалады және бекітіледі.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022.31.03. № 102/НҚ бұйрығымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6. Субъект немесе оның заңды өкілі дербес деректерді жинауға, өңдеуге жазбаша, мемлекеттік сервис, мемлекеттік емес сервис арқылы не келісімді алғанын растауға мүмкіндік беретін өзге де тәсілмен келісім береді (оны кері қайтарып алады).

Мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілеріндегі дербес деректерді жинау және (немесе) өңдеу кезінде келісім мемлекеттік сервис арқылы беріледі.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026.11.03. № 133/НҚ бұйрығымен 6-1-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 27 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

6-1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе шартта өзгеше белгіленбесе, дербес деректерді өңдеуге келісімнің қолданылу мерзімі дербес деректерді жинау мен өңдеу мақсаттарына қол жеткізуге қажетті мерзімнен аспайды.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026.11.03. № 133/НҚ бұйрығымен 6-2-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 27 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

6-2. Егер дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісімнің қолданылу мерзімі көрсетілмесе, ол берілген кезінде айқындалған өңдеу мақсаттарына қол жеткізілгенге дейін қолданыста болады деп есептеледі.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026.11.03. № 133/НҚ бұйрығымен 6-3-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 27 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

6-3. Субъектінің немесе оның заңды өкілінің меншік иесін және (немесе) операторды, сондай-ақ үшінші тұлғаны хабардар ете отырып, дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісімді кері қайтарып алуға құқығы бар.

Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес деректерді сақтау немесе өңдеу талап етілмесе, меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға он бес жұмыс күні ішінде оларды өңдеуді тоқтатуға не уәжді бас тартуды ұсынуға міндетті.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2025.23.04. № 176/НҚ бұйрығымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 10 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Дербес деректерді жинау және өңдеу Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 179/НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32810 болып тіркелген) Меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды қамтамасыз еткен жағдайда жүзеге асырылады.

 

 

2-тарау. Дербес деректерді жинау

 

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022.31.03. № 102/НҚ бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2023.18.04. № 157/НҚ бұйрығымен (2023 ж. 6 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-тармақ жаңа редакцияда

8. Дербес деректерді жинау осы Қағидалардың 4-3-тармағында және Заңның 9-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, субъектінің немесе оның заңды өкілінің Заңның 8-бабына сәйкес берілген келісімін алғаннан кейін жүзеге асырылады.

9. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Заңның 24-бабының 2-тармағына сәйкес субъект өз дербес деректерін ұсынуға міндетті.

 

 

3-тарау. Дербес деректерді өңдеу

 

1-параграф. Дербес деректерді жинақтау және сақтау

 

10. Дербес деректерді жинақтау меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес жүргізіледі.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023.18.04. № 157/НҚ бұйрығымен 11-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 6 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11. Дербес деректерді сақтауды меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға Қазақстан Республикасының аумағындағы базада жүзеге асырады.

12. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023.18.04. № 157/НҚ бұйрығымен алып тасталды (2023 ж. 6 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

 

2-параграф. Дербес деректерді өзгерту және толықтыру

 

13. Субъектінің тиiстi құжаттармен расталған негiздер болған кезде, меншік иесінен және (немесе) оператордан өз дербес деректерін өзгертуді және толықтыруды талап етуге құқығы бар.

14. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023.18.04. № 157/НҚ бұйрығымен алып тасталды (2023 ж. 6 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

15. Субъектінің меншік иесінде және (немесе) операторда, сондай-ақ үшінші тұлғада өз дербес деректерінің болуы туралы бiлуге, сондай-ақ:

дербес деректердi жинау және өңдеу фактісін, мақсаттарын, көздерін, тәсілдерін растауды;

дербес деректердің тiзбесiн;

дербес деректердi өңдеу мерзiмдерiн, оның iшiнде оларды сақтау мерзiмдерiн қамтитын ақпаратты алуға құқығы бар.

Бұл ретте субъект немесе оның заңды өкілі ақпарат алу үшін меншік иесіне және (немесе) операторға не үшінші тұлғаға жазбаша немесе электрондық құжат нысанында не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін қорғау іс-әрекеттерінің элементін қолдану арқылы өзге де тәсілмен өтініш жасау (сұрау салу) жібереді.

16. Меншік иесі және (немесе) оператор субъектіге қатысы бар ақпаратты, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзге мерзімдер көзделмесе, субъектінің немесе оның заңды өкілінің өтінішін алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабарлайды.

Субъектіге немесе оның заңды өкіліне ақпарат беруден бас тартқан жағдайда, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзге мерзімдер көзделмесе, меншік иесі және (немесе) оператор өтінішті алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде дәлелді жауап ұсынады.

 

 

3-параграф. Дербес деректерді пайдалану, тарату және иесіздендіру

 

17. Дербес деректерді пайдалануды меншік иесі, оператор және үшінші тұлға Дербес деректердің тізбесінде анықталатын оларды жинаудың бұрын мәлімделген мақсаттары үшін ғана жүзеге асырылады.

17-1. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023.18.04. № 157/НҚ бұйрығымен алып тасталды (2023 ж. 6 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

18. Дербес деректерді жинаудың бұрын мәлімделген мақсаттарының шеңберінен шығатын жағдайларда тарату субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімімен жүзеге асырылады.

19. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023.18.04. № 157/НҚ бұйрығымен алып тасталды (2023 ж. 6 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

20. Иесіздендіруді меншік иесі және (немесе) оператор не үшінші тұлға олар таратылғанға дейін қойылған дербес деректерді өңдеу міндеттерін шешуге мүмкіндік беретін иесіздендірудің Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін кез келген тәсілімен жүзеге асырады.

21. Дербес деректерді иесіздендіру рәсімі жүргізілгеннен кейін бастапқы дербес деректерді кері қалпына келтіру мүмкіндігі жоқ.

Меншік иесінің және (немесе) оператордың не үшінші тұлғаның дербес деректерді иесіздендіруге жұмсаған шығыстарын өтеу, егер меншік иесімен және (немесе) оператормен не үшінші тұлғамен келісімде өзгеше белгіленбесе, иесіздірілген дербес деректерді сұраған адамның есебінен жүзеге асыралды.

22. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023.18.04. № 157/НҚ бұйрығымен алып тасталды (2023 ж. 6 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

23. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023.18.04. № 157/НҚ бұйрығымен алып тасталды (2023 ж. 6 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

 

4-параграф. Дербес деректерді бұғаттау және жою

 

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022.31.03. № 102/НҚ бұйрығымен 24-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

24. Субъект немесе оның заңды өкілі меншік иесін және (немесе) операторды, сондай-ақ үшінші тұлғаны дербес деректерді жинау және өңдеу жөніндегі талаптарды сақтаулары тұрғысынан тексеру мақсатында уәкілетті органға жүгінеді.

«Уәкілетті орган субъектінің немесе оның заңды өкілінің өтінішін меншік иесін және (немесе) операторды, сондай-ақ үшінші тұлғаны тарта отырып, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 76-бабы 1 және 3-тармақтарында белгіленген мерзімдерде қарайды.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2025.23.04. № 176/НҚ бұйрығымен 25-тармақ өзгертілді (2025 ж. 10 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

25. Субъект дербес деректердi жинау, өңдеу шарттарының бұзылғаны туралы ақпарат мәлім болған жағдайда, меншік иесінен және (немесе) оператордан, сондай-ақ үшінші тұлғадан өз дербес деректерін бұғаттауды талап етеді.

Меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жинаған және өңдеген дербес деректер, сондай-ақ Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өзге де жағдайларда дербес деректер субъектінің талабы бойынша жойылуы тиіс.

26 - 28. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023.18.04. № 157/НҚ бұйрығымен алып тасталды (2023 ж. 6 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

 

5-параграф. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2023.03.02. № 41/НҚ бұйрығымен алып тасталды (2023 ж. 20 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!