Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыру шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2024 жылғы 29 наурыздағы № 158-НҚ бұйрығы (2025.04.10. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датапятница, 29 марта 2024
Статус
Действующийвведен в действие с 13 апреля 2024
Дата последнего изменениясуббота, 4 октября 2025

Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыру шарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2024 жылғы 29 наурыздағы № 158-НҚ бұйрығы

(2025.04.10. берілген өзгерістермен)

 

«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 10-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыру шарттары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Экспортты ілгерілету департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурстарына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Сауда және интеграция министрі

 

А. Шаккалиев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Бәсекелестікті қорғау және

дамыту агенттігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы нарығын реттеу және

дамыту агенттігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Сауда және интеграция

Бірінші вице-министрі

2024 жылғы 29 наурыздағы

№ 158-НҚ бұйрықпен

бекітілген

 

 

Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыру

шарттары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қазақстан Экспорттық-кредиттік агенттігі қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асырудың шарттары (бұдан әрі - Шарттар) «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабы 10-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі (бұдан әрі - ЭКА) қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асырудың шарттарын айқындайды.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами