«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидаларын және әдістемесін бекіту туралы» 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-309/2020 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 26 мамырдағы № 58 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидаларын және әдістемесін бекіту туралы» 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-309/2020 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21858 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидаларында:
2-тармақта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) жеке әріптес - «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - МЖӘ туралы ҚР Заңы) сәйкес мемлекеттік әріптестер ретінде әрекет ететін тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасқан дара кәсіпкер, жай серіктестік, консорциум немесе заңды тұлға;»;
8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
1-тармағының жетінші абзацы 2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
«8) медициналық цифрлық жүйе (бұдан әрі - МЦЖ) - денсаулық сақтау субъектілерінің процестерін электрондық форматта жүргізуді қамтамасыз ететін цифрлық жүйе;