«Банк конгломераттарының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептіліктің тiзбесiн, нысандарын, мерзiмдерiн және оларды ұсыну қағидаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 258 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 17 сәуірдегі № 22 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 100 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Банк конгломераттарының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептіліктің тiзбесiн, нысандарын, мерзiмдерiн және оларды ұсыну қағидаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 258 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19834 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
3-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
4-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
5-қосымша осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
6-қосымша осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
7-қосымша осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығының статистикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.