«Кепілдік беру жағдайларын реттеуге арналған резервті есептеу және қалыптастыру әдістемесін бекіту туралы» 2016 жылғы 28 шілдедегі № 347 және «Кепілдік беру туралы шарт немесе реновациялау шеңберінде шарттар жасасу үшін көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының жобасы бойынша құжаттарды қарау қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 432 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 25 қыркүйектегі № 478 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Кепілдік беру жағдайларын реттеуге арналған резервті есептеу және қалыптастыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 347 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14183 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Кепілдік беру жағдайларын реттеуге арналған резервті есептеу және қалыптастыру әдістемесінде:
әдістемеге қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Кепілдік беру туралы шарт немесе реновациялау шеңберінде шарттар жасасу үшін көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының жобасы бойынша құжаттарды қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 432 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14312 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Кепілдік беру туралы шарт немесе реновациялау шеңберінде шарттар жасасу үшін көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының жобасы бойынша құжаттарды қарау қағидаларында:
12-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Осы Қағидалардың 12 тармағымен айқындалған ерекшеліктерді ескере отырып, Уәкілетті компанияның мердігермен (бас мердігермен) жасасқан құрылыс мердігерлік шартының негізгі ережелерін талдау.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: