Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекiту туралы
Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 455 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 39 бірлескен бұйрығы
(2020.17.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 9 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019.30.03. № 40 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2019.04.04. № 24 бірлескен бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі - өлшемшарттары);
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес теле-, радиокомпанияларға қатысты Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы (бұдан әрі - тексеру парағы);
3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес телерадио хабарларын тарату операторларына қатысты тексеру парағы бекітілсін.