2020-2022 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы
Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 39-2 шешімі
(2020.14.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 11 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2020.31.03. № 42-2 шешімімен (бұр.ред.қара); 2020.15.04. № 43-2 шешімімен (бұр.ред.қара); 2020.06.05. № 44-2 шешімімен (бұр.ред.қара); 2020.14.07. № 47-2 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2020-2022 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3- қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға арналған бюджет мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 54 679 233 мың теңге:
салықтық түсімдер - 28 949 087 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 316 489 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 5 315 567 мың теңге;
трансферттер түсімі - 20 098 090 мың теңге;
2) шығындар - 69 891 652 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 931 311 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 1 119 472 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 188 161 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -16 143 730 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 16 143 730 мың теңге:
қарыздар түсімі - 19 758 163 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 4 830 881 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 1 216 448 мың теңге.
2. 2020 жылға арналған қалалық бюджет түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және осы шешімнің 4, 6-тармақтарына сәйкес қалыптастырылады.