Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кейбір бұйрықтарының және бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2026 жылғы 22 қазандағы № 168 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кейбір бұйрықтарының және бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектілеріне, Комитеттің аумақтық және оларға теңестірілген органдарына орындау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры | Б. Асылов |
Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
2026 жылғы 22 қазандағы
№ 168 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы күші жойылған кейбір бұйрықтарының және бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің
тізбесі